«Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы туралы ақпарат.

 

Мектепке дейінгі мекеменің атауы:  Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 

2011 жылдың 11 қараша айынан Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы  362-1958-02-МК. БСН-111140007789 ҚР әділет министрлігінің куәлігі берілген.

 

  • Мекеменің қызмет түрі: Мектепке дейінгі білім беру.
  • Мекен-жайы: Түркістан облысы,  Бәйдібек ауданы,  Алғабас ауылы, Қаратау көшесі,  №46 үй .

 

Елбасының тікелей бастамасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы негізінде  2011 жыл 11 қарашада  «Нұрсая»  бөбекжай-балабақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  болып  қолдануға берілді.   

Балабақша ғимараты 1978 жылы салынған.  Алғашында мектеп болған. Балабақша қайта ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ыңғайластырылған бір қабатты екі  ғимараттан тұрады.

 

Жұмыс тәртібі:   екі ауысымда: 1-ші ауысым 8.30 дан – 13.00 ге дейін, 2-ші ауысым  14.00 ден – 18.00 ге дейін  екі топ жұмыс атқарады.  Мемлекеттік тілде жұмыс жүргізілуде. Тәрбиеленушілердің  жас ерекшеліктері әртүрлі болғандықтан  аралас топ  болып құрылған. Кіші топ  және ортаңғы топ.

 

Жұмыс аптасының ұзақтығы:

Мекеме аптасына  5 күн жұмыс жасайды.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Балалардың балабақшада болу ұзақтығы – 10,5 сағат.

Жобалық қуаттылығы:  50 орындық.

 

Балабақша директоры: Игенбекова  Раушан  Кадирхановна

Жалпы жұмыс өтілі : 18 жыл.

Аталған мекемедегі еңбек өтілі: 7 жыл

 

Әдіскер: Егембердиева Асылгуль Тажибаевна

Жалпы жұмыс өтілі : 10 жыл.

Аталған мекемедегі еңбек өтілі: 10 жыл

 

Мекеме  қызметкерлері «Бала тәрбиесі балабақшадан бастау алады» деген ұстанымды әрдайым естен шығармай балаларға тәрбие беруде  ізденістің арқасында қажымай еңбек  етіп келеді.