Бiз туралы
«Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы туралы ақпарат.
Мектепке дейінгі мекеменің атауы: Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2011 жылдың 11 қараша айынан Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 362-1958-02-МК. БСН-111140007789 ҚР әділет министрлігінің куәлігі берілген.
- Мекеменің қызмет түрі: Мектепке дейінгі білім беру.
- Мекен-жайы: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылы, Қаратау көшесі, №46 үй .
Елбасының тікелей бастамасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы негізінде 2011 жыл 11 қарашада «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қолдануға берілді.
Балабақша ғимараты 1978 жылы салынған. Алғашында мектеп болған. Балабақша қайта ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ыңғайластырылған бір қабатты екі ғимараттан тұрады.
Жұмыс тәртібі: екі ауысымда: 1-ші ауысым 8.30 дан – 13.00 ге дейін, 2-ші ауысым 14.00 ден – 18.00 ге дейін екі топ жұмыс атқарады. Мемлекеттік тілде жұмыс жүргізілуде. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері әртүрлі болғандықтан аралас топ болып құрылған. Кіші топ және ортаңғы топ.
Жұмыс аптасының ұзақтығы:
Мекеме аптасына 5 күн жұмыс жасайды.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Балалардың балабақшада болу ұзақтығы – 10,5 сағат.
Жобалық қуаттылығы: 50 орындық.
Балабақша директоры: Игенбекова Раушан Кадирхановна
Жалпы жұмыс өтілі : 18 жыл.
Аталған мекемедегі еңбек өтілі: 7 жыл
Әдіскер: Егембердиева Асылгуль Тажибаевна
Жалпы жұмыс өтілі : 10 жыл.
Аталған мекемедегі еңбек өтілі: 10 жыл
Мекеме қызметкерлері «Бала тәрбиесі балабақшадан бастау алады» деген ұстанымды әрдайым естен шығармай балаларға тәрбие беруде ізденістің арқасында қажымай еңбек етіп келеді.












